Атлантаға жеке ұшағымен ұшып келіп, тергеушілерге саусақ ізін тапсырды. Қамауға алар алдында суретке түсіп, ресми рәсімнің бәрінен өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Алайда жарты сағатқа жетпей жатып, экс-президент әуежайға қайта оралды. Себебі Джорджия соты белгілеп берген 200 мың доллар көлеміндегі депозитті өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы президент және тағы 18 адам 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін жоюға тырысқаны үшін айыпталуда. Дональд Трампқа қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Алайда бұл оның сайлау науқанына қатысуына кедергі емес.
Саясаткердің өзі барлық айыптауларды жоққа шығарып отыр.