$ 441.44  473.09  4.75

Өзбекстанда бетті тұмшалауға, көп әйел алуға заңмен тыйым салынды

Олар құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатын болады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Өзбекстанның Олий Мәжілісі елдің Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгеріс пен толықтыру енгізетін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Құжатқа сәйкес, өзбекстандықтар келесі құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатын болады:

- ұлты, нәсілі, этникалық және діни белгілері бойынша азаматтардың үстемдігін немесе толымсыздығын насихаттау;

- заң тәртібімен тіркелмеген некені діни рәсіммен қию;

- екі және одан көп әйелмен бірге тұруды насихаттау;

- әйелдер мен ерлердің тең құқығын ашық түрде мойындамау;

- азаматтың бет-бейнесін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орында киіп жүру.

Айта кетейік, медициналық диагнозы бар адамдарға және қызметтік міндетін атқаратын мамандарға бет-бейнені тұмшалайтын киім киюге тыйым салынбайды. Бұдан бөлек, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде, немесе спорттық және өзге де мәдени-бұқаралық шаралар кезінде, заңмен рұқсат етілген өзге де жағдайларда қолданылатын арнайы бас киімдерге тыйым қарастырылмаған.

Дереккез: ҚазАқпарат 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары