$ 494.87  520.65  4.91

«Империализмге қарсы күресте бірге боламыз»: Ким Чен Ын Путинге мәңгі дос болып қалуды ұсынды

Кездесу "Восточныйда" ұйымдастырылды, себебі Ким Чен Ын ғарыштық технологияға үлкен қызығушылық танытады.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер барысында Мәскеу мен Пхеньян "империализммен" бірге күресетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Біз үнемі Путиннің шешімдерін қолдап келеміз. Империализмге қарсы күресте және егеменді мемлекет құру жолында әрқашан бірге боламыз деп үміттенемін, – деді Солтүстік Корея басшысы.

Оның айтуынша, Путинмен келесі кездесу "қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге" көмектеседі.

Ал Путин Корей Халық Демократиялық Республикасын бірінші болып Ресей танығанын атап өтті. 

Егеменді және тәуелсіз мемлекет – Корей Халық Демократиялық Республикасын бірінші болып таныған біздің ел болды, –  деді Ресей Президенті.

Путин мен Ким Чен Ынның 2019 жылдан бергі алғашқы кездесуі "Восточный" ғарыш айлағында өтуде. Келіссөздер басталар алдында Солтүстік Корея басшысы "Ангара" зымыран тасығышын құрастыру барысы мен "Союз-2" зымыран тасығышының негізгі сипаттамаларымен танысты. Ғарыш айлағының құрметті қонақтары кітабында КХДР басшысы: "Алғашқы ғарышкерлер елі ретінде Ресейдің даңқы ешқашан өшпейді", – деп жазды.

Кездесу "Восточныйда" ұйымдастырылды, себебі Ким Чен Ын ғарыштық технологияға үлкен қызығушылық танытады. Ол сондай-ақ КХДР-мен әскери-техникалық ынтымақтастықты талқылауға мүмкіндік берді.

Ким Чен Ынның Ресейге келуі оның пандемиядан кейінгі алғашқы шетелдік сапары болды. Сонымен бірге Солтүстік Корея басшысының 2011 жылы билікке келгеннен бергі 10-шы сапары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары