Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында шахтада өрт шығып, 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Қытайдың CCTV телеарнасы хабарлады.
Оқиға Панчжоу қаласының іргесіндегі Шаньцяошу көмір кенішінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт конвейер лентасынан шыққан.
16 жұмысшы сыртқа шыға алмай, оқиға орнында қаза тапты, - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп үлгерді.