$ 439.4  473.54  4.76

Бұдан былай ата-анасын қарттар үйіне өткізгендер түрмеге тоғытылмақ

Ұсынылған ереже бойынша қарттар үйіне қариялар түскен бойда іс сотқа жіберіледі.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қырғызстанның Жогорку Кенешінің комитеті кәрі әке-шешесін асыраудан бас тартқан балаларға жазаны қатаңдату жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ұсынылған ереже бойынша қарттар үйіне қариялар түскен бойда іс сотқа жіберіледі. 

Жогорку Кенеш депутаты Тазабек Икрамов еңбекке қабілетті балалардың қарт ата-аналар үшін жауапкершілігін күшейтуді ұсынып отыр.

Депутат Қылмыстық және отбасылық кодекстерге және "Мемлекеттік қызмет және муниципалдық қызмет туралы" заңға өзгерістер енгізуді ұсынды.

Ата-анасына қамқор болудан (алимент төлеуден) бас тартқан балаларға айыппұл салу немесе 1-2 жылға бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр.

Заң жобасы жекелеген заң актілеріне – Қылмыстық кодекске, Отбасы кодексіне, «Мемлекеттік азаматтық қызмет және муниципалды қызмет туралы» заңға өзгерістер енгізуді қажет етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары