$ 443.35  475.54  4.82

Мексикада екі ұшақ соқтығысты

Ұшақтар соқтығысқаннан кейін өртке оранған, бұл адамдардың қазасына алып келді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Мексиканың солтүстігіндегі Дуранго штатында жолаушы тасымалдайтын жеңіл моторлы екі жекеменшік ұшақ соқтығысты. Оқиға салдарынан кем дегенде 5 адам қаза тапты, олардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жергілікті биліктің мәліметінше, оқиға бүгін таңертең болған.

Ұшақтар соқтығысқаннан кейін өртке оранған, бұл адамдардың қазасына алып келген, деп жазады ҚазАқпарат.

Апатқа байланысты тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары