Иракта үйлену тойы кезінде өрт шығып, 450 адам зардап шекті деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ирактағы үйлену тойында өрт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны 450-ден асты.
Мосулдың шығысындағы Хамдания округінде үйлену залында өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны 450-ден асты, - деп жазылған басылымда.
Бұған дейін Al Arabiya порталы 120 адамның қайтыс болғанын жазған.
Алдын ала мәлімет бойынша меймандар жабық той залында отшашу қолданған. Кейбір БАҚ-тың айтуынша, мейрамхана арзан құрылыс материалдарынан жасалғандықтан, өрт тез тұтанған.
Дереккөз: sputnik.kz