Бұрынғы американдық модель Кэтрин Майорга «португал жұлдызы зорлады» деген айыппен тағы да сотқа жүгінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Роналдудың адвокаттары қазірдің өзінде АҚШ-та жүр. Бұрын да футболшыға зорлады деп айып таққан Кэтрин Майорга одан 56 миллион фунт өтемақы талап еткен. Бірақ сот оның талабын қанағаттандырмады. Аяқ доп шеберінің өзі оған тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарды.