$ 443.35  475.54  4.82

Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болды: 120 адам қаза тапты

Әсіресе, Зенда Ян аймағындағы төрт ауыл қатты зардап шегіп, ондаған үй қирап қалған.
Фото: MOHSEN KARIMI/AFP
Фото: MOHSEN KARIMI/AFP

Ауғанстанның батысында орналасқан Герат провинциясында жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Euronews-тің мәліметінше, кемінде 120 адам қаза тапқан. Олардың саны әлі де артуы мүмкін, өйткені көптеген адам үйінді астында қалып қойған. Сондай-ақ мыңнан астам адам жарақат алған.

Әсіресе, Зенда Ян аймағындағы төрт ауыл қатты зардап шегіп, ондаған үй қирап қалған.

АҚШ геологиялық қызметі сенбі күні аймақта магнитудасы 6,3 баллдық жер асты дүмпулері тіркелгенін мәлім етті. Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан, одан кейін бірнеше рет жер сілкінісі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары