$ 494.87  520.65  4.91

12 қазанда Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері кездесуі мүмкін

Бұл туралы РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин айтты.
Фото: pressunity.org
Фото: pressunity.org

Мәскеу 12 қазанда Бішкекте ТМД саммиті аясында Ресей, Әзербайжан және Армения Сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Sputnik Қазақстан-ның жазуынша, дүйсенбіде РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин РБК телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

Біз мұндай пікірталастарды (армян-әзербайжан жанжалын реттеу бойынша – ред.) осы жылдың 12 қазанында Бішкекте ТМД саммиті іс-шаралары аясында Сыртқы істер министрлері деңгейінде өткізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, - деді Галузин.

Ол Әзербайжан тарапының келісім беріп қойғанын атап өтті. Ресей Сыртқы істер министрлігі армян тарапы да бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, келіссөздерге қатысуға келіседі деп үміттенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары