$ 494.87  520.65  4.91

«Денесі конвейер лентасында жаншылған». Оңтүстік Кореяда робот зауыт қызметкерін өлтірді

Ер адам алған жарақатынан көз жұмды.

Фото: © Sputnik / Yuzhny SC / FSUE “TsENKI”
Фото: © Sputnik / Yuzhny SC / FSUE “TsENKI”

Оңтүстік Кореяда өнеркәсіптік робот зауыт қызметкерін бұрыш салынған қорап деп қабылдап, оны өлтіріп қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8 қарашада Кенсан-Намдо провинциясындағы бұрыш сұрыптау зауытында болды. Компания қызметкері роботтың жанына оның датчигін тексеруге барған. Робот бұрыш салынған қораптарды көтеріп, оларды түпқоймаға (поддон) қою қызметін атқарған.

Оңтүстіккореялық Yonhap агенттігінің хабарлауынша, датчик қызметкерді қорап ретінде көріп, оны ұстап, денесін конвейер лентасына басып, беті мен кеудесін жаншып тастаған. 40 жастағы жәбірленуші тез арада ауруханаға жеткізілді, бірақ ер адам алған жарақатынан көз жұмды.

Зауыт өкілі компания роботты бес жылдан бері пайдаланып келе жатқанын хабарлады. Жұмыс күшінің тапшылығы кезінде робот шаруаларға үлкен көмек болған. Ол екі метр биіктікке дейін бұрыш қораптарын жинай алады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары