Өкінішке қарай 6 адам қаза тапты. Оның үшеуі төтенше жағдай қызметкері екені белгілі болды
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында 60 тонна газ таситын жүк көлігі жарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
News.mn сайтының жазуынша, жарылыс Ұлан-Батыр қаласындағы Дунжингарав базары аумағында 2024 жылдың 24 қаңтарына қараған түні болған.
Аса ірі жарылыс салдарынан болған өрт жақын маңдағы тұрғын үйлер мен кеңсе ғимаратын, базарды шарпып, арты үлкен өртке ұласқан. Төтенше оқиға орнында алдымен биіктігі ондаған метрге жететін қою қара түтін пайда болып, артынша бірден өрт басталған.
Алдын ала берілген мәлімет бойынша 10-нан аса адам ауруханаға жеткізілген.
Өкінішке қарай 6 адам қаза тапты. Оның үшеуі төтенше жағдай қызметкері екені белгілі болды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 20-дан аса көлік өртеніп кеткен.
Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.