АҚШ-тың орталық бөлігінде ауа температурасы -34,4-ке дейін төмендеді.
Кейінгі аптада АҚШ-та күннің суытуы салдарынан кем дегенде 47 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
NBC арнасының шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлауынша, ең көп өлім Теннесси штатында тіркелген: 16 адам.
Америка құрама штаттарының көп бөлігінде 12 қаңтардан бері суық ауа температурасы, қатты жел және қар болды.
17 қаңтарда АҚШ-тың орталық бөлігінде ауа температурасы -34,4-ке дейін төмендеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 20 қаңтарға Астанада және еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланған.
Дереккөз: Zakon.kz