24.01.2024, 12:00

Сочидегі КВН фестивалінде белгілі әзілкешті өлтіріп кетті

Фото: Instagram/amiran4ik92

Ол 31 жаста еді.

Ресейлік әзілкеш Амиран Геворкян Сочидегі КВН фестивалінде төбелес салдарынан қайтыс болды. Ол 31 жаста еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Российская газетаның" хабарлауынша, әзілкеш төбелес салдарынан қайтыс болған. Яғни КВН фестивалі өтіп жатқан қонақүйдің жанында жан тапсырған. Амиран Геворкян ауыр халде ашық бас-ми жарақатымен ауруханаға түсті. Екі күннен кейін әзілкеш есін жимай ауруханада көз жұмды, деп жазады Zakon.kz.

Басылымның хабарлауынша, Геворкян мен фестивальдің тағы бір қатысушысы Артур Расуловтың арасындағы төбелес қонақүйдің барында басталған. Бір кезде балағат сөздің кесірінен әзілкештер арасында кикілжің басталып, соңы төбелеске ұласқан. Фестиваль күзетшілері ер адамдарды сыртқа шығарған, сол жерде Расулов ​​Геворкянның басынан ұрған. Әзілкеш құлап, басын баспалдаққа соғып, ауыр жарақат алды.

Амиран Геворкян 31 жаста еді. Әзілкеш "Оңтүстік астана" КВН командасында өнер көрсетті.