Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова «Крокуста» болған оқиғаны террористік акт деп атады.
Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды, жараланғандар бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, камуфляж киген үш адам оқ жаудырған.
«Крокус Сити холл» концерт залындағы атыс Picnic рок тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталған.
"Крокус Сити Холлдың бірінші қабатына кем дегенде үш камуфляж киген адамдар кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Жараланғандар бар екені анық", - деп хабарлады РИА Новости агенттігі.
Бірқатар телеграм арналарының хабарлауынша, кем дегенде 40 адам қайтыс болды, 100-ден астамы зардап шекті.
Куәгерлер жарылыс болғанын айтады. Ғимарат өртке оранған.
Өрт сөндірушілер адамдарды шатыр арқылы шығарды. 100-ге жуық келуші эвакуацияланды. ТЖ орнына СОБР және ОМОН, 50-ден астам жедел жәрдем бригадасы жіберілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова «Крокуста» болған оқиғаны террористік акт деп атады.