$ 439.43  473.31  4.82

Еуро-2024: Финалда бақ сынайтын барлық құрама белгілі болды

Финалдық кезең 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады. Финал 14 шілдеге белгіленген.

Фото: twitter.com
Фото: twitter.com

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысында бақ сынайтын барлық құрама белгілі болды. Еуро-2024-ке іріктеу аяқталған соң турнирдің 24 қатысушысының 21-і анықталған болатын. Қалған үш жолдаманы Ұлттар лигасындағы 12 команда сарапқа салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ең алғаш болып плей-офф жолдамасын Қазақстан мен Грекияны ұтқан Грузия иеленді. Олардың қатарын Польша мен Украина толықтырды.

Финалдық кезең 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады. Финал 14 шілдеге белгіленген.

Құрамалардың топқа бөлінуі мынадай:

  • А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.
  • B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.
  • С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.
  • D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.
  • E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина
  • F тобы: Португалия, Грузия, Түркия, Чехия.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары