Қазіргі уақытта қайтыс болған 84 адамның денесі анықталды.
Ресей ТЖМ "Крокус Сити холл" концерт залында болған лаңкестік шабуылдан қаза тапқандардың 143 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Көз жұмғандардың тізімі Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне негізделген. Бұған дейін Ресей Федерациясы Тергеу комитетіне террористік акт нәтижесінде туыстарының немесе жақындарының жоғалғаны туралы 143 өтініш түскені хабарланды.
Қазіргі уақытта қайтыс болған 84 адамның денесі анықталды, оның ішінде 9 бен 16 жас аралығындағы 5 бала бар.
Айта кетсек, Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қанды шабуылға байланысты төрт күдікті екі айға қамауға алынды. Оларға ұйымдасқан топтың құрамында шабуыл жасады деген айып тағылды.