07.04.2024, 21:30

Орск қаласында тасқыннан зардап шеккендердің саны жүзге жуықтады (ВИДЕО)

Фото: РИА Новости

Қазіргі таңда тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда.

Орск қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің саны 99 адамға жетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

10 ересек және 8 бала ішек инфекциясымен ауырған. Көпшілігі амбулаторлық-емханалық көмекпен шектеліп жатыр. Әйтсе де 9 адам ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі таңда тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда. Соңғы сағаттарда тағы 2 аурухананы су басты (бұған дейін 6 аурухана эвакуацияланған болатын). Науқастар басқа ауруханаларға жеткізіледі.

Бұдан бөлек Орынбор облысы үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орск қаласындағы Никель ауылында су тасқынына байланысты тұрғындарды шұғыл эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.