$ 494.87  520.65  4.91

Ресейдің Қорған облысында тасқыннан 19 мың адамға қауіп төніп тұр

Ресей үкіметінің дерегінше, су апатынан келген шығын қазірдің өзінде 21 миллиард рубльге жеткен.

Фото: t.me/kurganskayaobl
Фото: t.me/kurganskayaobl

Ресейдің оңтүстігіндегі Қорған облысында 19 мыңнан астам адамның өміріне тасқынынан қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мұны ТАСС агенттігі елдің төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның өзге бір дерегінше, қазір кемінде 4 мың үй су басайын деп тұр. Ал Түмендегі жағдай әзірге бақылауда болғанымен, қауіп күшейеді деген болжам айтылып отыр.

Соңғы күндері Ресейдің 39 аймағында 10 мың 400-ден астам үйді су басты. Ең қиын жағдай - Орынбор облысында. Оның Орск қаласында жұма күні дамба құлап, 4 мыңға жуық үй су астында қалды.

Ресей үкіметінің дерегінше, су апатынан келген шығын қазірдің өзінде 21 миллиард рубльге жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары