$ 494.87  520.65  4.91

Ресейдің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі енгізілді

Ең қиын жағдай Орынбор облысында.

Фото: Мария Рудакова / 1MI
Фото: Мария Рудакова / 1MI

Түмен, Қорған облыстарында көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Орынбор облысында да жағдай әлі күрделі. Жалпы, Ресейде 40-қа жуық өңір су тасқынынан зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Росгидрометтің» мәліметінше, Тобыл өзенінің деңгейі 11 метрге дейін көтеріліп, 62 елді мекен мен Қорған қаласына тасқын қаупі төніп тұр. Түмендегі жағдай әзірге бақылауда болғанымен, қауіп күшейеді деген болжам айтылып отыр.

Соңғы күндері Ресейдің 39 аймағында 10400-ден астам үйді су басты. Ең қиын жағдай Орынбор облысында.

Естеріңізге сала кетсек, Орск қаласында жұма күні дамба құлап, 4 мыңға жуық үй судың ортасында қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары