Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге осылай деп есеп берген.
Алдағы тәулікте Орынбор аумағында Урал (Жайық) өзеніндегі су деңгейінің одан әрі көтеріле түседі деп күтіледі, салдарынан тағы 3,5 мың үйді су алуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
РИА Новости мәліметінше, Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге осылай деп есеп берген.
"Алдағы тәулікте Орынбор аумағында Жайық өзеніндегі су деңгейінің одан әрі көтерілетіні болжанады, атап айтқанда, төменгі ағыс бойынша, бұл 3 580 тұрғын үй мен 3 950 учаскенің су алуына әкеліп соқтыруы мүмкін", – деді Паслер.Сонымен қатар, Денис Паслер Орск қаласында су тасқыны жағдайы тұрақтанғанын, су деңгейі тәулігіне тағы 14 сантиметрге төмендегенін айтты.
"Орскіде жағдай тұрақтанды, күн сайын өзіңізге есеп берудемін. Сіз жағдайға толықтай қанықсыз, су деңгейі бүгін тағы 14 сантиметрге төмендеді", - деді Паслер.