$ 464.72  496.32  5.4

Ежелгі Грекияда Париж Олимпиадасының алауы жағылды (ВИДЕО)

Грекия аумағында алауды 600 адам алып өтеді.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Бүгін, 16 сәуір күні Ежелгі Олимпияда 2024 жылғы Париж (Франция) жазғы Олимпиадасының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Салтанатты рәсімге Грекия Республикасының президенті Катерина Сакелларопулу, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах және өзге де ресми тұлғалар қатысты. 

Алау жағу рәсімі ежелгі Гера храмында өтті. Актриса Мэри Мину кейпіндегі бас діни қызметкер  Апполон мен Зевске арналған дұғаны оқып, алауды жақты. 

Осыдан соң діни қызметкерлер ежелгі стадионда рәсім жасады. Қасиетті рәсім Олимпиада алауының Грекиядағы 11 күндік эстафетасынан соң аяқталады. 

Грекия ҰОК хабарлауынша, алауды алғаш болып академиялық есуден Токио Олимпиадасының  чемпионы Стефанос Дускос алып жүреді. Содан соң, алауды жүзуден 2004 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, франциялық Лор Маноду ұстайды. Үшінші кезеңді Еурокомиссия басшысының еуропалық өмір салтын қорғау жөніндегі орынбасары Маргаритис Схинасқа сеніп тапсырған. 

Грекия аумағында алауды 600 адам алып өтеді. 26 сәуір күні алау Афинаға оралып, Франция елшілігінде бір күн аялдайды. Содан соң, Олимпиаданы қабылдайтын елге 120 жылдың тарихы бар үш матчалы «Белем» желкенді кемесі арқылы жіберіледі. Алау Марсель айлағына 8 мамырда келеді. 

Әрі қарай Олимпиада алауының эстафетасы Францияда басталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары