Әскерилерге лаңкестік топтарды жою тапсырылған.
Израиль Газа секторында бір тәулікте 100 нысанға соққы жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Израиль әскері Газа секторында 100-ден астам нысанға әуеден соққы берді. Нәтижесінде туннельдер, қару-жарақ қоймалары, жауынгерлік жасақтар және өзге де инфрақұрылым объектілері жойылды.
ХАМАС өкілдерінің мәліметіне сәйкес, шабуыл салдарынан 30-дан астам адам қаза тапқан. Израиль әскерлері қаланы толық бақылауға алу мақсатында құрлықтағы операцияларды кеңейтіп жатыр.
Әскерилерге лаңкестік топтарды жою тапсырылған.
Осы ретте Газа секторының тұрғындары қауіпсіздік үшін солтүстік аймақтардан жаппай оңтүстікке қарай көшіп жатыр.
БҰҰ-ның халықаралық сарапшылары Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін геноцид деп бағалады.