$ 462.3  538.07  5.41

Дональд Трамп өзін АҚШ-тың «ең ұлы» президенті деп атады

Сурет Ақ үй басшысының профилінде жарияланды.

Фото: Anna Moneymaker / Getty Images
Фото: Anna Moneymaker / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде америкалық көшбасшылардың рейтингін жариялады. Ол өзін "Ең ұлы" деген санатқа жатқызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сурет Ақ үй басшысының профилінде жарияланды. Онда Трамп "Ең ұлы" санатындағы жалғыз саясаткер ретінде көрсетілген.

Ал Авраам Линкольн, Джордж Вашингтон, Франклин Рузвельт, Вудро Вильсон, Томас Джефферсон және Эндрю Джексонды "Ұлы президенттер" қатарына қосты.

Джо Байден, Барак Обама, Улисс Грант, Уоррен Гардинг және Джимми Картер "Сәтсіз" деген санатқа енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0