$ 462.31  536.09  5.34

Непал мен Тибеттегі су тасқынынан мыңнан астам адам қаза тапты

Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.      

Фото: Safal Prakash Shrestha/JNA Press
Фото: Safal Prakash Shrestha/JNA Press

Непал мен Тибеттегі жойқын сел тасқынынан қаза тапқандар саны мыңнан асты. 1 қыркүйек күні Катманду полициясы жариялаған соңғы мәліметтерге сәйкес, Непалдың өзінде опат болғандар саны 1007 адамға жеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін ҚХР билігі Тибет автономиялық ауданында табиғи апаттан 16 адамның көз жұмғанын хабарлаған болатын.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, табылған мәйіттердің көбі қатты зақымданған әрі шіри бастаған. Қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін деген қауіп бар.

Непал полициясы хабар-ошарсыз кеткендер санының 4600-ге жуықтағанын мәлімдеді, ал Тибетте бұл көрсеткіш 550-ге жетеді. Апат болған бір аптадан астам уақыт ішінде жүздеген шетелдік азаматтың тағдыры белгісіз болып отыр.

Сарапшылар табиғи апатқа Тибет жағындағы мұздықтың ойылуы себеп болуы мүмкін екенін айтады. Шекаралық аймақта кенеттен болған жойқын сел жолдағының бәрін жайпап өткен. Қытайдың Тибет автономиялық ауданынан басталып, Непалдың Багмати-Прадеш провинциясы арқылы ағатын Бхоте-Коши өзені топырақ көшкіні салдарынан арнасынан шығып кетті. Ондаған ауыл жермен-жексен болып, жергілікті халық бар жиған-тергенінен айырылды.

Қазір мыңдаған құтқарушы үйінділер мен лай басып қалған аумақтарда іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Непал #Қытай