$ 458.45  531.39  5.29

Мысырда жолаушылар автобусы аударылып, 21 адам қаза тапты

Салонда Мысыр мен Иордания азаматтары болған. Нувейба маңындағы жолдың бір бөлігінде автобус аударылып кеткен.

Фото: youm7.com
Фото: youm7.com

Мысырдың Синай түбегінде жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, 21 адам қаза тапты. Тағы 29 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Arabi21 агенттігіне сілтеме жасап. 

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2 қыркүйекте Дахаб – Нувейба тасжолында болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, автобус Каирден Нувейба портына қарай бағыт алған.

Салонда Мысыр мен Иордания азаматтары болған. Нувейба маңындағы жолдың бір бөлігінде автобус аударылып кеткен.

Қаза тапқандардың арасында шамамен 10 жастағы бала болғаны хабарланды.

Мысыр денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ахмед әс-Сабкидің айтуынша, зардап шеккендер алдымен жергілікті медициналық орталыққа жеткізілген. Кейін олардың бір бөлігі басқа ауруханаларға, соның ішінде Шарм-эш-Шейхтегі халықаралық клиникаға ауыстырылған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0