$ 446.56  512.34  5.3

Түркияда тағы да қуатты жер сілкінісі болды

​Жер сілкінісі басқа да өңірлерде сезілген. 

Фото: Anadolu
Фото: Anadolu

Түркияның Адана провинциясында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Сайымбейли ауданында орналасқан. Зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған.

Адана губернаторының әкімшілігі қазіргі уақытта ешқандай кері салдар тіркелмегенін, жағдай жіті бақылауда тұрғанын мәлім етті.

"Адана провинциясының Сайымбейли ауданында сағат 04:02-де болған 5 балдық жер сілкінісі Қахраманмараш, Османие, Кайсери және Газиантеп провинцияларында да сезілді. Қазіргі таңда ешқандай зардап тіркелген жоқ, аумақты тексеру жұмыстары жүріп жатыр", – деп хабарлады AFAD X желісінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0