$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

Польшада қарулы шабуыл: алты адам қаза тауып, 16 адам жараланды (ВИДЕО)

Краков қаласының әкімі Лукаш Гибала 11 қарашаға дейін қалада аза тұту жариялады.

Фото: dw.com
Фото: dw.com

Польшаның Краков қаласының орталығында 24 жастағы ер адам көшеде жүрген адамдарға оқ жаудырды. Қарулы шабуыл салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полиция мәліметінше, күдікті көлікпен Бас базар алаңын айналып жүріп, айналасындағы адамдарға оқ атқан. Кейін Әулиелер алаңындағы трамвайды да нысанаға алған. Полицейлермен болған атыстан кейін ер адам ұсталды. Оның көлігінен бірнеше атыс қаруы мен оқ-дәрі табылған.

Тергеу барысында күдіктінің Островец-Свентокшиски қаласындағы үйінен тағы үш адамның мәйіті анықталған. Олардың екеуі әйел, біреуі ер адам болған.

Польша Ішкі істер министрі Марцин Кервиньскийдің айтуынша, күдікті – 24 жастағы Польша азаматы. Ол әсіре оңшыл идеологияға қызығушылық танытқан. Шабуыл кезінде камуфляж кигенімен, әскери қызметте болмаған. Сонымен қатар оның атыс қаруын иеленуге рұқсаты болған.

Ел премьер-министрі Дональд Туск Краковтағы оқиғаны террорлық әрекет деп бағалады. Ол құқық қорғау органдары шабуылдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Қаза тапқандар арасында Ұлыбританияның бір азаматы мен үш поляк бар. Жараланғандардың арасында Германия, Аустрия, Португалия, Ұлыбритания және Ресей азаматтары болған. Күдіктінің өзі де ұсталу кезінде жараланып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Польша басылымдарының мәліметінше, күдікті Островец-Свентокшиски қаласының тұрғыны болуы мүмкін. Onet басылымы оның атыс қаруының екі түрін иеленуге рұқсаты болғанын жазды. Ол әкесінің атына тіркелген Subaru көлігін жүргізген. Басылым дерегінше, күдіктінің әкесі де атыс қаруын иеленуге рұқсат алған.

Краков қаласының әкімі Лукаш Гибала 11 қарашаға дейін қалада аза тұту жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0