Әлем 31.05.2019 сағат 09:20

Түркияда «төңкеріс жасамақ болған» 74 әскери өмір бойына түрмеге кесілді

Анкарада мемлекеттік төңкеріс ісі бойынша 152 күдікті сотқа тартылған. 31 іс бойынша сот ақтап үкім шығарған.
Түркияда «төңкеріс жасамақ болған» 74 әскери өмір бойына түрмеге кесілді
Azattyq.org
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркияда 74 бұрынғы әскери 2016 жылы шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен өмір бойына түрмеге кесілді. Оның 56-сы жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтейді. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Анкарада мемлекеттік төңкеріс ісі бойынша 152 күдікті сотқа тартылған. 31 іс бойынша сот ақтап үкім шығарған.

Сот дерегінше, төңкерісті ұйымдастырғандар Түркия бас штабының бұрынғы басшысы Хулуси Акарды кепілге алып, Акынжи әуебазасынан Түркия премьерінің резиденциясына жеткізген. Дереккөздердің хабарлауынша, Акар отырған ұшақтың ұшқышы Угур Капанды 29 мерзімдік өмірлік түрме жазасына (шамамен 4000 жыл) кескен.

2016 жылы шілдеде Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғандардың әрекеті сәтсіздікке ұшырағаннан кейін елде 80 мыңнан астам адам тұтқындалып, 150 мың мемлекеттік қызметкер мен әскерилер жұмысынан айырылған. Президент Режеп Ердоғанды сынаушылар билік іске аспай қалған бүлікті өзге пікірдегі адамдарды басып-жаншу үшін сылтау етіп пайдаланды дейді.

1999 жылдан бері АҚШ-та тұратын Фетхулла Гүлен 2013 жылға дейін Режеп Ердоғанмен жақын байланыста болған, кейін екеуі араздасып қалған. Түркия билігі Гүленді 2016 жылы әскери төңкеріс жасамақшы болды деп айыптап, АҚШ-тан оны беруді бірнеше рет талап еткен.

Фетхулла Гүлен бүлікке еш қатысы жоғын айтып, Анкараның таққан айыптарын жоққа шығарады. Түркия билігі соңғы екі жылда Гүленнің «Хизмет» қозғалысына қатысы бар деген күдікпен қамауға алған мыңдаған адамның арасында саясаткерлер, судьялар, әскерилер мен қоғам қайраткерлері бар.

Дереккөз: azattyq.org

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар