$ 498.34  519.72  4.85

Елуден асқан әйел сымбат мүсінімен жас жігіттерді естен тандырып келеді

«Кейде инстаграмдағы парақшам танысу сайтына ұқсап кетеді. Жігіттер жекеге жазып, «шынымен 50 жастасың ба?» деп сұрап жатады. «Мүмкін емес, әрі кетсе 20-ның о жақ, бұ жағында шығарсың» дейтіндер көп», - дейді Лаура.
Фото © instagram/o_this_is_50
Фото © instagram/o_this_is_50

Калифорния штатының тұрғыны, 50-ден асқан Лаура Хейккиле еркектерді ерекше әдемі мүсінімен естен тандырып келеді, деп жазады Life.ru. 

35 жасында Лаура өмірге қыз бала әкеледі. Оған дейін әйел дене бітіміне мән бермесе керек. Зиянды тағамдардан бас тартпай келген. Жаттығу залына баруды білмепті.

Босанғаннан кейін ойы өзгере бастайды. Ас мәзіріне аудара бастаған ол ауыр атлетикамен де айналыса бастайды. Соңғы 15 жылда дене бітімі адам танымастай өзгерген оған айналаның есі кетіп жүр.

Бүгінде Лаура инстаграмда 27 мың оқырманымен сымбатты болудың сырымен бөлісіп келеді. 

Daily Mail-дің хабарлауынша, желіде оған хат жазып, кездескісі келетінін айтатын жігіттер көп екен. Тіпті, оның жас деп сенетіндер қатары аз емес.

Алайда, Лаураның отбасылы болғанына 20 жылдан асып барады. Жары да спортпен айналысады. 

«Кейде инстаграмдағы парақшам танысу сайтына ұқсап кетеді. Жігіттер жекеге жазып, «шынымен 50 жастасың ба?» деп сұрап жатады. «Мүмкін емес, әрі кетсе 20-ның о жақ, бұ жағында шығарсың» дейтіндер көп», - дейді Лаура. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мүсін #Сымбат