10.06.2019, 17:40

Ер адам қорықтағы аюдың тілін тістеп алды

Фото: life.ru
29 жастағы Николай Игрит достарымен Хутинский қорығына бұғы мүйізін жинауға барған.

Ресейде аюмен арпалысқан Тува қаласының тұрғыны Кызыл ауруханасына ауыр жағдайда түсті, деп хабарлайды ТВК арнасы

29 жастағы Николай Игрит достарымен Хутинский қорығына бұғы мүйізін жинауға барған. Алайда жас жігіт үшін бұл жорық ақтық сапарға айнала жаздаған. Бірнеше адамнан құралған топ жан-жаққа бөлінген соң, Николай жабайы аюға тап болған.

Алдымен, Николай жыртқышты айқайлап қуған. Ер адамның өзіне шабуыл жасаған аюдың Николай тілін тістеп алған. Содан соң, жабайы жануар қашып кеткен. 

Жас жігіттің жан даусын естіген достары тез жетіп, жедел-жәрдем шақырған.  Ер адам бас және дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.