Әлем 23.06.2019 сағат 17:52

Қарыз бермегені үшін жүкті әйелін жардан итеріп жіберген

Отбасының өз бизнестері бар көрінеді. Алайда, күйеуі қарызға батқан кезде әйелінің ақшасын сұраған.
Қарыз бермегені үшін жүкті әйелін жардан итеріп жіберген
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақшасын алу үшін күйеуі жүкті әйелін жардан итеріп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.

Таиландта 34 метрлік жардан құлаған жүкті әйел аман қалды. 32 жастағы Ван Нан есімді қытайлық әйел күйеуімен саяхатқа шығып  Пха-Таем Ұлттық саябағында жардан құлап кеткен. Келіншекті саябақта қыдырған туристердің бірі көріп қалып, жедел жәрдем шақырған. Нан дәрігерлерге жардан өзім құлап кеттім деп айтқан. Зардап шегушінің белі, тізесі, қол сынғанымен, баласы зардап шекпеген. 

Ван Нан ауруханада күйеуі болмаған кезде, сүйіп қосылған жарының өзін итеріп жібергенін айтқан. Күйеуі келіншектен қарызын жабуға ақша сұрап, Ван Нан беруден бастартқан кезде күйеуі әйелін итеріп жіберген. 

Қазіргі таңда Юя Сяодун адам өміріне қауіп төндіргені үшін айпталып, қамауға алынған. Отбасының өз бизнестері бар көрінеді. Алайда, күйеуі қарызға батқан кезде әйелінің ақшасын сұраған. Жарты ақшаны ғана беруге келіскен келіншегін осылайша Юя Сяодун итеріп жіберген.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар