$ 494.87  520.65  4.91

Саакашвили парламент сайлауына қатысатын болды

Елдің жаңа президенті Владимир Зеленский азаматтығын қайтарып берген соң ғана ол мамыр айында Украинаға келген. Саакашвили өзін елден заңсыз шығарды деп есептейді.
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық

Киев соты 21 маусымда Грузияның бұрынғы президенті, бірнеше жыл бұрын Украинаның Одесса облысын басқарған Михаил Саакашвилиге алдағы парламент сайлауына қатысуға рұқсат берді. Сот залынан видео жариялаған Саакашвили сот шешімін «әділ» деп бағалап, «елдегі атмосфераның өзгергенін», «сотқа қысым болмағанын» атап өтті, деп жазады Азаттық.

Украина заңы бойынша депутаттыққа түсу үшін үміткер соңғы бес жыл бойы ел аумағында тұруы тиіс. Ал өткен жылы ақпан айында Украина азаматтығынан айрылған соң Саакашвилиді елден депортация жасаған еді. Елдің жаңа президенті Владимир Зеленский азаматтығын қайтарып берген соң ғана ол мамыр айында Украинаға келген. Саакашвили өзін елден заңсыз шығарды деп есептейді.

Ол қазір Украинадағы парламент сайлауына қатысуды көздеп отырған «Жаңа күштер қозғалысы» партиясына жетекшілік етеді. Саакашвили бұған дейін командасымен бірге «Зеленскийге елдегі жемқорлықты жою үшін көмектесетінін» айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Саакашвили