Әлем 24.06.2019 сағат 18:00

Дональд Трамп Иранмен диалог орнатуға дайын екенін айтты

«Біз тез арада келісімге келе аламыз. Бірақ ол үшін Иран бұрынғыдай дамыған ел болуын қалауы керек»,- деді Трамп.
Дональд Трамп Иранмен диалог орнатуға дайын екенін айтты
Фото: EADaily
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Трамп әкімшілігі Тегеранмен диалог орнатуға ұмтылатынын жариялады. Бірнеше күн бұрын америкалық дрон атып түсірілген соң АҚШ пен Иран қақтығысып қала жаздаған еді, деп жазады www.centralasian.org.

Дональд Трамп диалогтың алдын ала шарттары талқыланбағанын айтты. NBC News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президенті келіссөздерде ядролық бағдарлама мәселесін де талқылауға үміттенетінін жеткізді. 

«Біз тез арада келісімге келе аламыз. Бірақ ол үшін Иран бұрынғыдай дамыған ел болуын қалауы керек»,- деді Трамп.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Таяу Шығысқа сапары қарсаңында осы мазмұндас мәлімдеме жасады. Помпео Сауд Арабиясына, Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, аймақ мәселесін талқылайды.

Тегеранмен достасқысы келетінін білдірген Дональд Трамп бүгін Иранға қатысты жаңа санкцияларды жариялауы керек.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар