$ 494.87  520.65  4.91

Каримовтың қызы кешірім сұрап, 686 млн долларын дауламауға уәде етті

Каримованың президент пен халыққа бағыттаған үндеуін қызы Иман Каримова өзінің Instagram сторисінде жариялады.
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық

Өзбекстан экс-президенті Ислам Каримовтың қызы, түрмеде жазасын өтеп жатқан Гүлнара Каримова Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтан өзіне кешірім беруді сұрады. Ол денсаулығы нашарлағанын айтып, шетелдік шоттардағы 686 млн доллар қаржысын мемлекетке өткізуге уәде етті, деп жазады Азаттық. 

Каримованың президент пен халыққа бағыттаған үндеуін қызы Иман Каримова өзінің Instagram сторисінде жариялады.

Каримова «Менен осы күнге дейін алынған Өзбекстан аумағындағы 1,2 млрд доллар көлеміндегі қаражат ендігі маған тиесілі емесін, қаржының республика бюжетіне қосылғанын айтқым келеді. Бұған жергілікті тергеу деректері дәлел" деп жазады.

Ол шетелдегі шоттарында да қаржысы бар екенін айтып, ақшасын сотта дауламауға уәде берді. «Адвокаттарым $131 000 000 және $555 000 000 қаржыны қайтару туралы сотқа түсірген шағымды қайтарып алды» деп жазады Каримова.

«Қазір денсаулық жағдайым алаңдатады. Екі операция жасату қажет боп тұрғандықтан президентке өтініш айтуға мәжбүрмін» дейді ол.

Экс-президент қызының швейцариялық адвокаты Грегуар Манже Каримованың денсаулығы нашарлап кеткенін, оған тиісті ем-дом көрсетілмей жатқанын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары