Әлем 25.06.2019 сағат 11:30

Мексика АҚШ-пен арадағы шекараға 15 мың сарбаз жібермек

Бұл шара Вашингтонның егер Мексика шекарадан заңсыз өтіп жатқан мигранттар көшін тоқтатпаса, бұл елден келетін тауарларға баж салығын енгізетіні туралы мәлімдемесінен соң қолға алынған.
Мексика АҚШ-пен арадағы шекараға 15 мың сарбаз жібермек
Фото: Известия
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мексика үкіметі АҚШ-пен арадағы шекара бойына 15 мың сарбаз орналастыратынын мәлімдеді. Операцияның мақсаты – Орталық Америка елдерінен келген мигранттардың шекараны заңсыз кесіп өтуіне жол бермеу, деп жазды Азаттық.

Бұл шара Вашингтонның егер Мексика шекарадан заңсыз өтіп жатқан мигранттар көшін тоқтатпаса, бұл елден келетін тауарларға баж салығын енгізетіні туралы мәлімдемесінен соң қолға алынған. Мексика аталған мәселені шешуде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен АҚШ-тан көмек сұрады.

Бұған дейін Мексика екі мыңнан астам әскерді елдің оңтүстігіндегі Гватемала және Белизбен арадағы шекара бойына орналастырған. АҚШ-қа баратын Орталық Америка елдері мигранттарының негізгі бөлігі осы жерден өтеді. Мексика қорғаныс министрі Луис Сандовалдың сөзінше, елдегі мигранттардың жүріп-тұруы әкімшілік заңбұзушылыққа жатады, сондықтан ұсталғандар тек әкімшілік жауапқа тартылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз көші-қон тоқтамаса мексикалық тауарларға 5 пайыздық баж салығы енгізілетінін айтып, Мексикаға шарт қойған.

АҚШ-тың Техас штатының губернаторы Грег Эбботт өткен жұма күні АҚШ Конгресін тереңдей бастаған гуманитарлық дағдарысқа қарсы шара қабылдауға дәрменсіз боп отыр деп айыптап, Мексика шекарасы бойына Ұлттық гвардияның тағы бір мың әскери қызметкерін жіберетінін мәлімдеген.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар