Еуропада аптап ыстықтан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
Олардың төртеуі Франция тұрғыны болса, қалғандары Испания мен Италия азаматтары. Францияда күннің ысуына байланысты 4 мың мектеп уақытша жұмысын тоқтатты. Елдің бірнеше аудандарында қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды. Мамандардың айтуынша, елде аптап ыстық рекордтық деңгейге жетті. Осыған орай жергілікті билік аймақта төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын қолға алды.