$ 439.43  473.31  4.82

Жолбарыс екі жігіт мінген мотоциклдің соңынан қуған (ВИДЕО)

Абырой болғанда, жігіттер бұл жолы ажалдан аман қалды.

Үндістанның Керала штатындағы Ваянад округінде орналасқан қорықта жолбарыс мотоциклшінің соңынан қуды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Видеода жыртқыш күтпеген жерден орманнан атып шығып, екі жігіт мінген мотоциклдің соңынан қуады.

Кадрларды көріп, жолбарыстың жүйріктігіне қайран қаласың.

Абырой болғанда, жігіттер бұл жолы ажалдан аман қалды: жолбарыс кенет райынан қайтып, орманға оралған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары