$ 494.87  520.65  4.91

«Өлі денесін гинекологқа апарған»: тойдан кейін күйеуінің «пәк емессің» деген сөзіне намыстанған 18 жастағы қыз суицид жасады

Бұл оқиға Тәжікстанда болған.
Фото: Solodovnikova.org
Фото: Solodovnikova.org

18 жасар қыз үйлену тойынан кейін өз-өзіне қол жұмсаған, деп жазады 365info.kz. 

Бұл оқиға Тәжікстанда болған. Қыздың өз-өзіне қол жұмсауына күйеуінің жазықсыз жаласы негіз болған. Тойдан кейін оның қыз емессің, және де бұдан алдын сексуалды қарым-қатынаста болғансың деп айыптаған.

Бірақ, Раджабби Хуршед өзінің пәк екендігін айтып ақталған. Өз танымынан айнымаған күйеуі Зафар Пиров оны үйіне қамап кеткен.

Осы уақытта жас қыз мұндай қорлыққа шыдай алмайтынын, бұлай өмір сүргісі келмейтінін айтып видео түсіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Cірке суын ішкен қызды дәрігерлер аман алып қала алмаған.

Жас қыздың туыстарының айтуы бойынша Раджабби тойға дейін толық медициналық тексеруден өткен. Оның дені сау және ешқандай генетикалық ауруы жоқ екендігі туралы справкасы болған.

Тәжікстанда отбасы құруға дайындалып жүргендер бірге дәрігерлік тексеруден өту қалыпты жағдай. Өйткені, ВИЧ, СПИД сияқты жұқпалы ауруы бар отбасы құруға тиым салынған.

Раджаббидің өлімінен кейін күйеуі Зафар Пиров оны арнайы тексерту үшін Душанбе қаласына алып барған. Ал, дәрігерлердің арнайы экпертизасы,  қыздың некеге дейін пәк болғандығын анықтаған.

Тәжікстан дәстүрі бойынша пәк болмаған қыз тұрмысқа шықпайды. Ол ата-анасына ұят келтіргені үшін өмір бойына үй қамақта болады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#пәктік