$ 445.66  474.58  4.78

Әуеде ұшақтың қозғалтқышы сынып кеткен (ВИДЕО)

Бұл кезде Delta әуе компаниясының ұшағы Атлантадан Балтиморға бағыт алған екен. Әуе кемесі ұшып шыққаннан бір сағат өткеннен кейін экипаж қозғалтқыштардың біріндегі ақау туралы хабарлапты.

Delta әуе компаниясының жолаушысы рейс кезінде ұшақтың қозғалтқышы сынып кеткенін видеоға түсіріп алды. Ол видеоны желіде жариялаған.

Бұл туралы АВС порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлады. 

Логан Уэбб түсірген видео кадрларында қып–қызыл болып қызыған қозғалтқыштың ішінде ажырап қалған бөлігінің айналып жатқаны көрінеді. 

Бұл кезде Delta әуе компаниясының ұшағы Атлантадан Балтиморға бағыт алған екен. Әуе кемесі ұшып шыққаннан бір сағат өткеннен кейін экипаж қозғалтқыштардың біріндегі ақау туралы хабарлапты. 

Ұшқыштар Роли-Дарем халықаралық әуежайына шұғыл түрде қонды. Оқиға салдарынан ұшақтағы 148 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары