Орман өртіне байланысты Францияның оңтүстігіндегі Шығыс Пиренейлері департаментіндегі кемпингтерден 2,7 мыңға жуық турист эвакуацияланды, деп жазады ТАСС.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт Париж уақыты бойынша сағат 14:00-де Аржелес-сюр-Мер комуннасынан шыққан.
Минутына 19 метр жылдамдықпен ескен жел өрттің жылдам өршуіне себепші болған.
Комунна мэрі Антуан Парраның айтуынша, өрт жағалауға қарай өршіді. Өрттен құтқару қызметінің өкілдері 3 кемпингтен 2,7 мың туристі эвакуациялап, уақытша гимназия ғимараттарына орналастырды.
Өртті сөндіруге ондаған өрт сөндірушілер қатысуда. Сондай-ақ қызыл жалынмен күреске Canadair ұшақтары да жұмылдырылған.
«Кемпингтер астанасы» саналатын Аржелес-сюр-Мер комуннасында жыл сайын шамамен 150 мың адам демалады.
Дереккөз: ҚазАқпарат