$ 494.87  520.65  4.91

«Ангела Меркель неге дірілдейді?» Неміс дәрігері жауап берді (ВИДЕО)

Ангела Меркель бір ай ішіндегі ресми кездесуде денесі қалтырап, елдің көзіне түсті.

Германиядағы неврология және клиникалық нейрофизиология клиникасының жетекшісі Уве Янке неміс канцлері Ангела Меркельдің дертін түсіндірді, деп жазады Stan.kz. 

Ангела Меркель бір ай ішіндегі ресми кездесуде денесі қалтырап, елдің көзіне түсті.

Неміс дәрігерінің айтуынша, Меркельдің ауруы денсаулығының ауыр жағдайынан хабар береді. Соның ішінде Паркинсон дерті мен ұмытшақтық ауруының белгісі байқалады. Алайда кей белгілерға қарап, бәрі құрдымға кетті деп атауға болмайды. 

Янкенің айтуынша, Меркельдің денесі ол тұрып тұрған уақытта ғана қалтырайды. Канцлер қозғала бастағанда дірілі жоғалады. Бұл сирек кездесетін ортостатикалық діріл болуы мүмкін. 

Еске салайық, Меркель үшінші рет Берлинде Финляндия премьер-министрі Антти Риннемен кездесуде дірілдеді. Алғаш рет Зеленскиймен кездесуде Меркельдің денсаулығы сыр берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары