$ 444.14  477.05  4.85

Үндістанда ескі ғимарат құлап, кемінде 12 адам мерт болды

Алдын мәлімет бойынша ғимарат осыдан 90-100 жыл бұрын салынған.

Үндістанның Мумбай қаласында төртқабатты тұрғын үй опырылды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті NDTV телеарнасына сілтеме жасап.  

Оқиға салдарынан кемінде 12 адам мерт болды. 40 шақты адам үйінді астында қалып қойған.  

Оқиға жергілікті уақыт бойынша бүгін 09:10-да қаланың оңтүстік бөлігіндегі Донгри ауданында болған. 

Апаттың себебі әзірше анықталмады. Қазір полицейлер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. 

Алдын мәлімет бойынша ғимарат осыдан 90-100 жыл бұрын салынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Үндістан