$ 494.87  520.65  4.91

Президент портретімен бір-бірін ұрған қызметкерлерге қандай шара қолданды? (ВИДЕО)

Мэрия басшылығы қызметкерлерді жұмыстан шығаруды тапсырды. Алайда олар кешірім сұраған.
Фото: kupinapopust.mk
Фото: kupinapopust.mk

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков портретін қолдарына ұстап алып, видео түсірген Бішкек мэриясының қызметкерлері жұмыстан шығарылмайды. Қырғызстан президентінің аппараты осындай ұсыныс білдірді, деп хабарлайды sputniknews.kz. 

Бұған дейін желіде тарап кеткен видеода «Бишкекские парковки и стоянки» мекемесінің қызметкерлері бір-бірін президент портретімен ұрып, «Шық есіктен» деп айтқан. Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның премьер-министрі болған кезде дәл осы сөзбен шенеуніктердің бірін үкімет отырысынан қуып жіберген болатын.

Мэрия басшылығы қызметкерлерді жұмыстан шығаруды тапсырды. Алайда олар кешірім сұраған.

Қырғызстан президентінің аппараты қызметкерлерді қызметтен шығармау керектігін айтқан. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары