$ 448.15  483.46  4.86

Шешенстан әншілері биліктің рұқсатынсыз ән айтпайтын болды (ВИДЕО)

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың бұйрығы бойынша мәдениет министрлігі жанынан арнайы комиссия құрылған. Аталған комиссия мақұлдаған кезде ғана, әншілер халыққа бара алады.

Шешенстанның мәдениет министрі әншілерге кез-келген жерге ән айтуға тыйым салып, «елдің әкесі, билігі және заңы бар» деп мәлімдеді, деп жазады Орта Азия жаңалықтар қызметі.

Шешенстанның мәдениет министрі Хож-Бауди Дааев әлеуметтік желіде танымал болған елдің поп-әншілеріне биліктің рұқсатынсыз әндерін жариялап, концерт қоюға тыйым салды. Дааевтың музыканттармен кездесуін «Грозный» мемлекеттік телеарнасы көрсетті.

Сюжетте YouTube каналы соңғы кезде «шешен дәстүрі мен ережесінен айналып өтіп», кең аудиторияға өнер көрсететін алаңға айналып кетті делінген.

Сюжет арасында мәдениет министрі Дааевтың өзінің жұмыс бөлмесінде поп-орындаушылардың бірінің бейнебаянын көріп, «сөздері де, қайырмасы да жоқ» дейді. Министрдің айтуынша, егер адам әнші боламын деп шешсе, оның мәдениет министрлігі мақұлдаған арнайы репертуары болуы керек деп есептейді.

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың бұйрығы бойынша мәдениет министрлігі жанынан арнайы комиссия құрылған. Аталған комиссия мақұлдаған кезде ғана, әншілер халыққа бара алады.

Сюжеттің аяғында министрмен кездесуге шақырылған әншілер кешірім сұрап, бұдан былай рұқсатсыз ән айтпауға уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары