$ 498.34  519.72  4.85

Түркияның Ирактағы бас консулдығының қызметкері қаза тапты

Агенттіктің дерегіне қарағанда, оқыс оқиға мейрамханада болған.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат
Ирактың Эрбил қаласында Түркияның дипломаттарына қарулы шабуыл жасалды.
 
Түркияның Ирактағы бас консулдығының қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.
 
Агенттіктің дерегіне қарағанда, оқыс оқиға мейрамханада болған.
 
Мейрамхана иесінің айтуынша, дипломаттар кіре бергенде азаматтық киім киген қаскөй екі тапаншамен оқ жаудырған.Түркияның бір дипломаты сол жерде жан тапсырған.
 
Эрбил полициясының бастығы Абдулхалик Талат осы іс бойынша тергеу басталғанын жеткізді. Әрі егжей-тегжейлі ақпарат кейінірек хабарланатынын айтты.
 
Қазір Эрбилден шығатын жолдардың барлығы жабылған, шабуыл жасаған адамды полиция іздеп жатыр.
 
Дереккөз: ҚазАқпарат
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары