$ 494.87  520.65  4.91

Америка Түркияны Ресей зымыранын сатып алғаны үшін F-35 бағдарламасынан шығарып тастамақ

Ақ үй Түркияның F-35 бағдарламасынан шығарылатынын анық айтпаса да, Пентагон бұл ақпаратты растады.
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық
АҚШ Түркияны Ресейден С-400 зенитті зымыран кешенін сатып алғаны үшін америкалық F-35 радиолокацияға көрінбейтін жойғыш ұшағын сату бағдарламасынан шығаратынын мәлімдеді,деп жазады Азаттық.

Ақ үй 17 шілде күні жариялаған мәлімдемеде Анкараның ресейлік әуе қорғанысы қаруын сатып алған соң "F-35 бағдарламасына ары қарай қатыса беруі мүмкін болмай қалатыны" жазылған.

Ақ үй Түркияның F-35 бағдарламасынан шығарылатынын анық айтпаса да, Пентагон бұл ақпаратты растады.
 

- АҚШ пен өзге де F-35 [бағдарламасына қатысушы] әріптестер Түркияның бұл бағдарламаға қатысуын тоқтатып, ресми түрде шығарып тастау процедурасын бастау туралы шешімге тоқтады, - деді АҚШ-тың қорғаныс вице-министрі Эллен Лорд.

Түркия АҚШ-тың санкция салу туралы ескертуіне қарамастан 12 шілде күні С-400 кешенінің үш бөлігін, 13 шілдеде төртіншісін Ресейден қабылдап алған.

Анкара F-35 жойғыш ұшағының кейбір бөлшектерін жасап келген, Вашингтон енді басқа тапсырыс жеткізуші іздемек.

16 шілде күні президент Дональд Трамп С-400 сатып алған Түркияға ендігәрі F-35 сатылмайтынын айтқан.

АҚШ Түркияға экономикалық санкция салу-салмау туралы шешімін әлі жариялаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары