$ 494.87  520.65  4.91

Лаңкестік әрекеттен 8 адам қаза тауып, 30 тұрғын жарақат алды

Шабуылды жергілікті «Техрик-и-Талибан Пакистан» лаңкестік ұйымы мойнына алды.
Фото: ИАЦ МГУ
Фото: ИАЦ МГУ

Пәкістанның Дера-Исмаил-Хан қаласында лаңкестік әрекет жасалып, 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. 

Тағы 30 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда алдымен содырлар шаһардың батыс бөлігіндегі бақылау-тексеру бекетіне шабуыл жасап, 2 полицейді өлтірген. Осыдан кейін бір жанкешті әйел ауруханаға кіреберіс жерде бойына жасырынған бомбаны іске қосып, 6 адам көз жұмды. Шабуылды жергілікті «Техрик-и-Талибан Пакистан» лаңкестік ұйымы мойнына алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары