Үндістан солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында өткен тәулікте кем дегенде 32 адамға жай түсіп, мерт қылған, деп жазады ҚазАқпарат. NDTV телеарнасының хабарлауынша, бұған қоса тағы 13 адам зардап шеккен.
Қазір Үндістан аумақтарына муссон нөсері жауатын маусым. Мұхиттан құрлыққа қарай соғатын муссон желдері салдарынан үздіксіз қуатты найзағайлар жарқылдайды.
Өткен тәулікте жай түсіп, қаза тапқандар саны күрт артты. Әсіресе Ганг өзенінің жағасында орналасқан Канпур және Фатехпур қалаларында адам шығыны көп. Бұлардың әрбірінде найзағайдан бес адамнан өлген.
Штат үкіметі құрбан болғандардың туыстарына және жапа шеккендерге көмек көрсетілетіндігін мәлімдеді.