$ 494.87  520.65  4.91

«Үлкен соғысқа әкелетін түрі бар»: Израиль Иран аумағын бомбалады

Израильдің әскери-әуе күштері Ирак аумағына соққы жасаған. Бұл елдегі Хезболла қозғалысының базасын талқандады. 12 жасақшының көзін құртып, Израиль аумағына жете алатын зымырандар қоймасын жойған.
Фото: tsargrad.tv
Фото: tsargrad.tv

Израиль бүкіл Таяу Шығыс аумағында лаңкестерді нысанға алып, бомбалап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. 

Енді олар Иракқа ауыз салды. Ресми Тель-Авив өкілдері содырлар үшін аймақта қауіпсіз жер қалған жоқ деп ескертіп отыр. 

Израильдің әскери-әуе күштері ортақ шекарасы жоқ Ирак аумағына соққы жасаған. Бұл елдегі Хезболла қозғалысының базасын талқандады. 12 жасақшының көзін құртып, Израиль аумағына жете алатын зымырандар қоймасын жойған. 

Қалыптасқан әдеті бойынша, Израиль бұл қимылы жайлы да тіс жармай отыр. Алайда бұл елдің өкіметі аймақтың қай жерінде жасырынбаса да, содырларға қолы жететінін жасырмайды. Таяуда премьер-министр ең жаңа Ф-35 үлгісіндегі ұшақтар шоғырланған әуе базасына барып қайтқан болатын. 

«Маған бұл әуе базасы үлкен әсер қалдырды. Қару-жарағымыздың бүкіл түрін қарап шықтым, артымда Ф-35 «Адир» ұшағы тұр. Жақында Иран елімізді құртамыз деп сес көрсеткен еді. Бірақ олардың есінде болсын, бұл ұшақтар Таяу Шығыстың кез келген жеріне, оның арасында Иранға да жете алады», - дейді Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

Осы мәлімдемеден көп ұзамай Израиль әскери-әуе күштері Сирия аумағына да соққы жасады. Шекаралас Дераа аймағында Сирия әскері мен иран жасақтарының бекіністерін бомбалаған.  

Жалпы Таяу Шығыстағы ахуал ушығып тұр. Иран әскері британдық танкерді басып алды. Лондон бұған жауап ретінде аймаққа әскери кемелерін жіберіп отыр. Ал осы кезде АҚШ әкімшілігі Палестина мен Израиль арасындағы жанжалды ақшамен шешпек. Вашингтонда жасалған келісім Таяу Шығысқа орасан зор. 

АҚШ, Нью-Йорк инвестиция құюды қарастырып отыр, бірақ қос тарап оның шарттарын қабылдауға тиіс. 

Алайда миллиардтаған инвестиция құю әудесіне қарамастан, Израиль мен Палестина келіссөздерді қайта бастауға ниет білдіріп отырған жоқ. Қос тарап орындалуы мүмкін емес талап қойып, бұл келісімді болдырмауды көздеп отыр. 

Сарапшылардың пікірінше, аймаққа басты қауіпті төндіріп отырған бұл шиелініс емес. Егер Иран мұнай тасымалданатын басты жол - Ормуз бұғазын бөгеп тастаса, бұл үлкен соғысқа әкелетін түрі бар. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары